- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев екі заңға...
Тоқаев екі заңға қол қойды
Фото:
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стрестік активтер нарығын дамыту және волонтерлік қызмет пен қайырымдылық мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер туралы түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленіп, 5 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Бұл заңда ұлттық заңнаманы үйлестіруге және біріздендіруге, сондай-ақ волонтерлік және қайырымдылық қызметті жетілдіруге бағытталған өзге де түзетулер ескерілген.
Г. Досымшалова