Тоқаев Ежи Старакпен кездесті

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесуде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ таяу арада жаңа дәрілік препараттар өндірісін іске қосу жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және оқу бағдарламаларын енгізу маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге қажетті дәрі-дәрмектерді жедел жеткізіп бергені үшін польшалық инвесторға алғыс айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!