Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!