Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда бірқатар мемлекет басшыларымен әңгімелесіп, пікір алмасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, бүгін, 1 желтоқсанда түсте, Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайға барды.
Президент Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды.
Мемлекет басшысын БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Қазақстан Президенті Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және Словения президенті Наташа Пирц-Мусармен, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Андорра премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен пікір алмасты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!