Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президентін туған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget