• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

"Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлағанын жазған болатынбыз. Ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова