Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты

Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл "Диалог, дипломатия және алуантүрлілік" (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.

Катар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова