Тоқаев дипломатиялық қызмет ардагері Қабдрахмановты марапаттады

Президент мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі "Достық" орденімен наградталды", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз