- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев: Диплом тарататын...
Тоқаев: Диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесіп, қазіргі оқу орындарының жайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің сөзінше, талапқа сай келмейтін оқу орындары жабылған.
"Білім беру ісі талапқа сай келмеген бірқатар жоғары оқу орны мен колледж жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табуы тиіс. Осы бағытта ешкімге жеңілдік жасалмайды. Өйткені елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік университтердің филиалдарын ашу мәселесін көтерді.
"Менің тапсырмам бойынша шетелдік жетекші университеттермен академиялық ынтымақтастық нығайып келеді. Еліміздің түрлі қаласындағы отандық жоғары оқу орындары базасында ресейлік бірнеше ірі университеттің филиалдары ашылды. Ал Петропавл қаласындағы Kozybayev University оқу орнында 175 студент Аризона университетінің бағдарламасымен білім ала бастады. Жуырда Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова