Тоқаев денсаулық сақтау министрін тағайындады

Тоқаев денсаулық сақтау министрін тағайындады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрін тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ақмарал Әлназарова туралы не белгілі?

Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Ол - медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.

1997-1999 жылдары - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері.

1999-2001 жылдары - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары.

2001-2003 жылдары - Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.

2003-2004 жылдары - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары - Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының басшысы.

2007-2013 жылдары - Қызылорда медициналық колледжінің директоры.

2013-2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2014-2015 жылдары - Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2015-2019 жылдары - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2020-2024 жылдары - Парламент Сенатының депутаты.

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget