Президент Денис Шиппті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Денис Шипп – 1968 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.
Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашасы болып бастаған. Әр жылдары СҚО агроөнеркәсіптік комитетте жұмыс істеген. Сондай-ақ салық полициясында инспектор, СҚО қаржы полициясы департаменті тергеу басқармасының төрағасы қызметін атқарған. Ал судья қызметін Петропавл қалалық сотынан бастаған.
Кейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006 жылдан), Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы (2011 жылдан) болған. 2015 жылдан жаңа қызметіне дейін Жоғарғы соттың судьясы болған.
Сонымен қатар мамандандырылған сот алқасының және Қазақстан Судьялар Одағының мүшесі. Денис Шипп – қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!