Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімі өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесі құрамына кіруге ресми шақырту алғаны, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылғаны хабарланды.
АҚШ президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құрып жатыр. Құрылтайшы елдер ретінде қатысуға шақырту бірқатар мемлекеттің басшыларына жіберілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова