- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақорда жаңалығы
Тоқаев Черногория президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Черногория президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория президентіне елдегі қайғылы жағдайға байланысты қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", - делінген хабарламада.
Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, Черногорияда ер адам кафеде атыс ұйымдастырып, салдарынан жеті адам қаза тапқан болатын. Кейіннен қылмыскер өзіне-өзі қол жұмсап, көз жұмды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин