- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық құрылтай
Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
- І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
- ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
- ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова