Тоқаев Бішкекке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы - Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Ақорда

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз