Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Қазақстан Президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!