Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кететіні хабарланды. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа Бас хатшының кандидатурасы қаралады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова