Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған. Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген:
Мемлекет басшысы сонымен бірге "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!