Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінде қалдырды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен тағайындау жүргізілді. Бүгінгі тағайындаудағы шенеуніктер өз орнында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ермек Сағымбаев 

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Бектенов

Жанат Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


Жанат Элиманов 

Сәкен Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сәкен Исабеков

Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.


Айбек Дәдебаев

Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


Дархан Жазықбаев

Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


Әсет Ерғалиев

Марат Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


Марат Омаров

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!