Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
III дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.
"Ерлігі үшін" медалімен:
- Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;
- Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
- Алдабергенов Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;
- Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!