Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тағайындау жүргізді. Президент бірнеше әкімді қызметінде қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.
Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметінде қалды.
Фото: shymkent.gov.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!