Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұдан бөлек, "Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!