Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді

Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget