Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Одан бөлек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!