Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ал Қанат Тумыш сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған.
"Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!