Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
- Сонымен қатар, Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова