Тоқаев бірқатар адамды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар адам марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IІ дәрежелі "Достық" орденімен:

  1. Ким Гера, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
  2. Ким Константин Станиславович, "Коре ильбо" республикалық газетінің бас редакторы.

"Құрмет" орденімен:

  1. Бугинас Бронислав Казисович, Lituanica литвалықтар ҚБ мүшесі;
  2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, "Наири" Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.

"Шапағат" медалімен:

  1. Кан Алина Александровна, "Сөйле" тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
  2. Останькович Дмитрий Валерьевич, "Радима" беларусь мәдени орталығы" ҚБ төрағасы;
  3. Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, "Вайнах" шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы" ЗТБ мүшесі.

Сонымен қатар, Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев жаңа орден мен екі бірдей сыйлық енгізуді ұсынғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!