Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорда БРИКС+ саммитіне қатысушылардың бірге түскен суретін жариялады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI саммитіне қатысады.
Осы мақсатта Мемлекет басшысы кеше Қазанға барды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!