Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар басшымен жүздесті

Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар басшымен жүздесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшымен жүздесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен аз-кем әңгімелесті.

Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Еске салайық, кеше Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрімен кездесу өткізді.

БРИКС саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев БРИКС елдерін жасанды интеллект саласында бірігуге шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget