- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Бразилия президентіне...
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Кейінгі мәліметтер бойынша, Бразилиядағы ұшақ апаты салдарынан 62 адам қаза тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек