Тоқаев Бразилия президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Бразилия президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның қазіргі президенті Луис Инасиу Лула да Силваны сайлаудағы жеңісімен және мемлекет басшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сізді президент сайлауындағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын. Бразилия халқы елдің егемендігін нығайтуға, Бразилияның әлемдік аренадағы ықпалын арттыруға, БҰҰ-ны реформалауға және әділетті әлемдік тәртіп орнатуға бағытталған саясатыңызды қолдайтынын көрсетті", – деп жазды Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

80 жастағы Луис Инасиу Лула да Силва 25 қазан, жексенбі күні өткен Бразилия президенті сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Ресми нәтижеге сәйкес, қазіргі президент сайлаушылардың 51,8 пайыз дауысын жинаған. Ал оның қарсыласы, сенатор Флавиу Болсонару 48,2 пайыз дауыс алған.

Бұл – Бразилия тарихында сайлаудың бірінші кезеңінде екінші орын алған үміткердің түпкілікті жеңіске жеткен алғашқы жағдайы.

Бразилияның Жоғарғы сайлау соты да Лула да Силваның қайта сайланғанын растады. Ресми қорытынды бойынша, ол 51,79 пайыз дауыс жинаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget