Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті.

Көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға "Отан" ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі "Барыс" ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі "Барыс" ордені табысталды.

Танымал актер, көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға "Қазақстанның халық әртісі" атағы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!