Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев форумның қатысушыларына мемлекеттік наградаларды, дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын, съездің құрмет медалін, сондай-ақ, ізгі ниет елшілерінің айрықша белгісін табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар, дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі, БҰҰ ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі Мигель Анхель Моратиносқа берілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз