Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады

Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget