Тоқаев Болгарияның премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Болгарияның премьер-министрін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті "Прогрессивті Болгария" коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget