Тоқаев Болгария президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалог, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!