• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тоқаев Болгария президентін құттықтады

Тоқаев Болгария президентін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget