Тоқаев бокстан жүлде алғандарды құттықтады

Тоқаев бокстан жүлде алғандарды құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалаған еді. 

Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget