Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуалтьериді нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!