Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін заң шеңберінде тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттарын айқындау, Үкіметтің, уәкілетті және монополияға қарсы органдардың құзыреттерін кеңейту, тауар биржаларын шағын және микробизнес субъектілері санатынан шығару, тауар биржаларының брокерлері мен клирингтік орталықтарын лицензиялауды енгізу көзделгені айтылған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!