Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, "Ауыл" партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Саясаткер, Жоғарғы кеңес пен Мәжілістің экс-депутаты, "Ауыл" саяси партиясының бұрынғы төрағасы Ғани Қалиев 87 жасында қайтыс болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!