Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады.
Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді.
Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!