Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ, жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.
Президент король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова