Нұрлан Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Президент Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!