Тимур Тәшімбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Жандос Өмірәлиев 2022 жылғы маусымнан бастап Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова