Мемлекет басшысы Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова