Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!" – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget