Тоқаев Балаеваны қабылдады

Тоқаев Балаеваны қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты құрылуына байланысты бірқатар басым міндетті айқындады.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget