Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды.
Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ, отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы осы бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова