Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактум қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактум айтарлықтай үлес қосқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!